
Диханбаев Адил Асхарханович
Жамбыл облысы Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Диханбаев Әділ Асқарханұлы
Қорағаты ауылдық округінің әкімі
Диханбаев Әділ Асқарханұлы 1986 жылдың 6 желтоқсанында Жамбыл облысы Шу ауданы Шайымқұл ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары. 2004 жылы Шу ауданы Жайсын ауылындағы «Жайсан» орта мектебін бітірді, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне, «Орман, жер және су ресурстары» факультеті, «Гидравлика және мелиорация» кафедрасы, «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығына оқуға түсті.
2008 жылы бакалавр, 2010 жылы осы университеттің «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
2013 жылдың мамыр айында ҚР Қорғаныс министрлігі «ВТШ» РГКП Тараз филиалында «Атқыш» мамандығы бойынша оқу курсынан өтіп, әскери билет алды.
Отбасын құрған, төрт ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2011 жылдың наурыз айында Шу ауданы «Тасөткел» коммуналдық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорынында инженер-гидрометр болып бастады;
06.2011-06.2016 ж. Шу ауданы «Тасөткел» коммуналдық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорынында бас инженер;
06.2016-09.2016 ж. Шу ауданы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнының Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінде гидротехник;
09.2016-12.2016 ж. Шу ауданы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнының Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінде техник-гидротехник;
12.2016-01.2017 ж. Шу ауданы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнының Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінде гидротехник;
01.2017-04.2020 ж. Шу ауданы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнының Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінде құрылымдар мен ғимараттарды пайдалану инженері;
04.2020-07.2021 ж. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасында (ПУИД-2), «SMEC» International Pty Ltd. компаниясында инженер;
Сегізінші сайланған аудандық маслихатының депутаты болды.
2021 жылдың шілде айының 25 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып келеді.