
Айшуақов Ерлан Мәлікұлы
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
1971 жылдың 29 қазанда Орал облысы Шыңғырлау ауданы Отрадное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1992 жылдың қаңтар 1992 жылдың наурыз айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы "Лубен" совхозы 3-ші бөлімшесі шопанының көмекшісі.
1992 жылдың наурыз 1992 жылдың маусым айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы "Лубен" совхозының жүк көтеруші автокөлігі жүргізушісінің көмекшісі.
1992 жылдың маусым 1997 жылдың қаңтар айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы "Лубен" совхозы 3-ші бөлімшесінің жұмысшысы.
1997 жылдың наурыз 2001 тамыз айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы "Айшуақов" шаруа қожалығының жұмысшысы.
2001 жылдың қазан 2003 қыркүйек айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Отрадное негізгі мектебінің еңбек пәні мұғалімі.
2003 жылдың қыркүйек 2008 жылдың қыркүйек айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Андрей Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі.
2008 жылдың қыркүйек 2009 жылдың маусым айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Андрей Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2009 жылдың маусым 2010 жылдың шілде айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Андрей Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін уақытша атқарушысы.
2010 жылдың шілде 2017 жылдың қараша айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің директоры.
2017 жылдың қараша 2018 жылдың қараша айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің директоры.
2018 жылдың қараша айлары 2019 жылдың ақпан айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2019 жылдың ақпан 2021 жылдың сәуір айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.
2021 жылдың сәуір 2021 жылдың маусым айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2021 жылдың 4 маусымында Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.