Орман Жайық Талғатұлы

    "Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысы

    Орман Жайық Талғатұлы
    Басқарма басшысы

    Орман Жайық Талғатұлы

    "Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысы

    Өмірбаян

    Орман Жайық Талғатұлы 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Экономика» мамандығы, 2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын Шымкент қаласы әкімдігінің Абай ауданы әкімдігінде инфрақұрылымды дамыту бөлімінде бас маман қызметінен бастады.

    2013 - 2014 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің Абай ауданы әкімдігінде инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы;

    2014 - 2015 жылдары «Дөңгеленген дүние» газеті бас редакторының орынбасары;

    2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы;

    2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы;

    2018-2019 жылдары Түркістан облысы әкімінің аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі тобының бас инспекторы – топ басшысы;

    2019 - 2023 жылдары Түркістан облысы әкімінің аппараты ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас инспекторы;

    2023 - 2025 жылдары бизнес құрылымдарда жұмыс істеді;

    Тағайындалғанға дейін Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2025 жылғы 21 тамыздан бастап Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері