Есентаев Бейбіт Мырзалыұлы

    Отрадный ауылдық округі әкімі

    Есентаев Бейбіт Мырзалыұлы
    Аким

    Есентаев Бейбіт Мырзалыұлы

    Отрадный ауылдық округі әкімі

    Өмірбаян

    Отрадный ауылдық округі екі елді мекеннен, Отрадное және Кеңское ауылдарынан тұрады. Халық саны 657 адамды құрайды. Отрадный ауылдық округінің аумағы 39300 гектарды құрайды.

    Есентаев Бейбіт Мырзалұлы 1987 жылы 3 желтоқсанда Торғай облысы Державин ауданы Отрадное ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

    1994 жылы Отрадненская орта мектебіне түсіп, 2005 жылы бітірді.

    2005 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың 21 маусымына дейін Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінде «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды.

    2008 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жеделдетілген негізде оқыды.

    Әскерде қызмет көрсетпеді.

    2008 жылдың 20 тамызынан 2015 жылдың 29 тамызына дейін Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Костычево ауылындағы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

    2015 жылдың 18 қарашасынан 2016 жылдың 1 ақпанына дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы «ФК және спорт бөлімі» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде нұсқаушы қызметін атқарды.

    2016 жылдың 2 ақпанынан бастап 2016 жылдың 8 шілдесіне дейін «Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де іс жүргізуші болып жұмыс істеді.

    2016 жылғы 11 шілдеден 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2016 жылдың 2 қыркүйегінен 2016 жылдың 5 қазанына дейін «Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2016 жылдың 6 қазанынан бастап осы уақытқа дейін «Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып қызмет атқардым.

    Жарқайың аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.