Ахметова Эльмира Акылбековна

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

    Ахметова Эльмира Акылбековна
    Заместитель Председателя

    Ахметова Эльмира Акылбековна

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Туған күні: 06.11.1965

    Туған жері: Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Троицк қаласы

    Тілдерді меңгеруі:

    • Қазақ тілі
    • Орыс тілі
    • Ағылшын тілі

    Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

    • Қарағанды мемлекеттік медицина институты, «Емдеу ісі» мамандығы, дәрігер біліктілігі (1984–1990 жж.);
    • Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, медицина ғылымдарының кандидаты (PhD) (1993–1996 жж.);
    • Жетісу мемлекеттік университеті, экономика және қаржы бакалавриаты, «Қаржы» мамандығы (2017–2019 жж.);
    • Жетісу мемлекеттік университеті, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» (MBA) мамандығы бойынша магистратура, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2021–2022 жж.).

    Еңбек өтілі:

    • Акушер-гинеколог дәрігер (1990–1998 жж.);
    • Қазақ мемлекеттік медицина университетінің акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті (1998–2000 жж.);
    • Алматы қалалық №1 перзентханасының екінші акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі (2000–2004 жж.);
    • Алматы-1 станциясындағы теміржол ауруханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігер (2004–2006 жж.);
    • Астана қалалық №1 перзентханасының емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі бас дәрігердің орынбасары (2006–2007 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінің ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы (2007–2008 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің сарапшысы, медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің бас сарапшысы (2008–2010 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының бас сарапшысы (2010–2014 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының басшысы (2014–2017 жж.);
    • Алматы облысының ана мен бала денсаулығын қорғау бағыты бойынша басқарма басшысының орынбасары (2017–2018 жж.);
    • «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ клиникалық қызмет департаментінің директоры, клиникалық қызмет жөніндегі проректор (2018–2020 жж.);
    • «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры (2020–2022 жж.);
    • «Талмас Медикус» ЖШС стратегиялық даму жөніндегі басшы орынбасары (2022–2023 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасының басшысы (2023–2024 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары (24.11.2024 ж. бастап).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері