Бименбетов Асқар Өсербайұлы

    Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі

    Бименбетов Асқар Өсербайұлы
    Аким

    Бименбетов Асқар Өсербайұлы

    Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Бименбетов Асқар Өсербайұлы 1967 жылдың 6 қазанында Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик мамандығы, 2003 жылы Тараз мемлекеттік университетін сырттай, математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1986-1988 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды.

    Отбасылы, төрт бала тәрбилеп отыр.

    Еңбек жолын 1988 жылы Шу ауданы, “Жайсан” мал бордақылау совхозында көлік жүргізуші жұмысынан бастаған.

    1998-2008 жылдары Шу ауданы, Бірлікүстем ауылы Домалақ Ене атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі, социолог қызметтерін атқарды.

    2008-2010 жылдары Домалақ Ене атындағы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2010-2015 жылдары Домалақ Ене атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

    2015-2019 жылдары Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі қызметкерін атқарды.

    2019-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2021-2023 жылдары “First Service Company” KZ ЖШС инженер-энергетик қызметін атқарды .

    2023 жылдың тамыз айынан бастап Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.