
Нұралиев Елдос Бекболатұлы
Шу қаласы әкімі
Өмірбаян
Нұралиев Елдос Бекболатұлы жылғы 19 мамырда Жамбыл облысы Шу ауданы Оразалы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2012 жыл - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «География » мамандығы бойынша тәмамдаған.
2021 жыл - Халықаралық Тараз инновациялық институтын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы мұғалім-менеджер қызметінен бастаған.
2012-2014 жылдары Алматы қаласы №33 мектеп-лицейінде Мұғалім-
менеджер;
2014-2015 жылдары Қордай ауданы №51 орта мектепте Мұғалім және
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2015-2017 Қордай ауданы №30 орта мектепте Директордың профильдік
оқыту жөніндегі орынбасары;
2017 жыл Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінде Сектор менгерушісінің м.а.;
2017-2019 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінде Сектор менгерушісі;
2019-2020 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысы ;
2020-2022 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының Аппарат басшысы;
2022-2023 жылдары Қордай ауданы әкімі аппараты әкімінің орынбасары;
2023 жылдың 3 мамырынан бүгінгі күнге дейін Шу қаласының әкімі.
