
Исабергенова Гүлмира Рахымжанқызы
Ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Исабергенова Гулмира Рахымжанқызы, 1969 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келдім. 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының өсімдіктерді қорғау факультетін бітіріп, ғалым агроном-энтомолог мамандығын алды.
1989-1994 жж. – «Өсімдіктерді қорғау» мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқу кезені;
1994-2002 жж. – Облыстық шегірткеге қарсы экспедициясы «Өсімдіктерді қорғау» Теренөзек аудандық станциясының І категориялы агрономы;
2002-2005 жж. – ҚР АШМ АӨК МИК Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы, тұқым инспекторы;
2005-2012 жж. – ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының жетекші маманы, тұқым инспекторы;
2012-2013 жж. – ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы, тұқым инспекторы;
2013-2017 жж. – Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік бөлімінің бас маманы;
2017 жылдан осы уақытқа дейін – Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің басшысы.



