
Қыдырбаев Дәулетқали Оспанғалиұлы
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көктөбе ауылында 1992 жылы 10 наурызда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2021 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика» мамандығы бойынша Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2014 жылы наурыз айында Тараз қаласы «Гелиос» ЖШС-де оператор болып бастаған.
02.12.2014-17.09.2015 жылдары «Kaspi Bank» АҚ, менеджер. Алматы қаласы.
28.09.2016-23.11.2017 жылдары «ГРУПП Четыре» ЖШС, аға күзетші.
15.04.2019–17.07.2022 жылдары Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы.
2022 жылдың 18 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келеді.



