
Өмірбаян
Қожамберды Нұрберген Айдарұлы 1994 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында дүниеге келген. Отбасылы. Жұбайы Қожамберді Алина Асқарқызы.
2001 – 2011 ж. Түрген ауылы А.Жексенбеков атындағы орта мектепте білім алған.
2012 – 2017ж. «Нархоз университеті» акционерлік қоғамының мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқып, экономика және бизнес магистрі дәрежесі бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
02.12.2016 ж. – 01.04.2017ж. - Алматы қаласы, «Алматы сараптама» ЖШС-де офис менеджері қызметін атқарған.
13.02.2018 – 11.02.2019 ж.- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер нұсқаушысы ретінде қызмет жасаған .
11.02.2019 – 11.12.2023ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы ретінде қызмет жасаған.
11.12. 2023 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.