
Өмірбаян
1987-ші жылы 25-ші қазанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылында қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген.
Алматы қаласындағы «Қазақ экономикалық» университетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығын аяқтаған.
2011-2013 жыл аралығында Жамбыл облысы Меркі ауданындағы филиал АО «KCC Engineering Construction Co, Ltd» компаниясында снабженец болып жұмыс істеген.
2014 -2015 жыл аралығында Меркі ауданы әкімінің аппаратында келісім шарт бойынша инспектор болып жұмыс істеген.
2015-2017 жыл аралығында Меркі ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас маманның міндетін арнайы тексеруден өткенше уақытша атқарған.
2017-2018 жыл аралығында Меркі ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы,
2018 -2019 жыл аралығында Меркі ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы.
2019 жыл 26-шы қараша айынан Жаңатоған ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.