
Өмірбаян
Білімі - жоғары. 2007 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенова атындағы мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сондай-ақ Silkway Халықаралық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Өңірлік ғылыми орталықта» экономист-бухгалтер қызметінен бастаған.
2007 жылы «Тұран Әлем Банкі» АҚ-да несие менеджері болып жұмыс істеген. 2011 жылы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылдық округі әкімі аппаратының нұсқаушысы болып тағайындалды. Сол жылы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болды.
2011-2012 жылдары Мұнайлы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
2012-2013 жылдары Мұнайлы ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары Маңғыстау ауылы әкімі аппаратының бас маманы болды.
2016 жылы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2018-2019 жылдары Батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019-2022 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болды.
2022-2023 жылдары-Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы.
2023 жылы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Өңірлік даму бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2023-2024 жылдары-Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының басшысы.
