
Манатауов Талғат Бисенғалиұлы
Долин ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1962 жылдың қараша айының 3-і күні Теректі ауданы Шағатай ауылында дүниеге келді.
1979 жылы Шағатай ауылының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін бітірді.
1984 жылы БҚО ауыл шаруашылығы институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
1984-1991 жж "Чапаевский п-зд" совхозы, инженер-механик.
1991-1998 жж Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, еңбек сабағы мұғалімі, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары.
1998-2010 жж Ақжайық полиция бөлімінде қызмет атқарды.
2010-2014 жж "Абдрахманов Г.С." ЖК, күзет басшысы.
2014-2017 жж "Подстепное ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ, әкімінің орынбасары.
2017 жылдан бастап Долин ауылдық округінің әкімі қызмет атқаруда.