
Абашов Нурлан Арыстанович
Жамбыл облысы Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Абашов Нурлан Арыстанович 1976 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген. 1983-1993 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1999 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.
2000-2010 ж.ж. - Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі. 2010-2012 ж.ж.- Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас бухгалтері. 2012 ж.- Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы. 2013-2014 ж.ж. - "Ветқызмет" КМК экономисті, Шу ауданы әкімдігінің спорт бөлімінде инспектор. 2014-2018 ж.ж. - "ШуАгропродукт" ЖШС директоры. 2019-2021 ж.ж. - Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас бухгалтері. 2021-2022 ж.ж. - "Төле би" КМК бас бухгалтері. 2022 ж. - "Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде" есепші. 2023 жылдан Ескі Шу ауылдық округі әкімі. Үйленген, бес бала тәрбилеп отыр.