
Мырзалиев Жәнібек Амангелдіұлы
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлтоған ауылында 1985 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2007 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Физика және информатика» мамандығы бойынша және 2024 жылы Шымкент Университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласы «Оңтүстік-жер» ЖШС жеке еңбек келісім-шарты бойынша оператор болып бастаған.
2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы «Мардан Строй» ЖШС жеке еңбек келісім-шарт бойынша Инженер-геодезист;
02.2009-08.2009 жылдары Жуалы ауданы Көлтоған ауылы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратында Жастар тәжірибесі бойынша қызметкер;
10.2009-12.2009 жылдары Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы;
2009-2010 жылдары Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
01.2011-05.2011 жылдары Жуалы ауданы С.Байтіков орта мектебінің жастар ісі нұсқаушысы;
05.2011-08.2012 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мекемесінің спорт және жастар ісі нұсқаушысы;
2012-2017 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары;
2017-2019 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры;
2019-2023 жылдары Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округінің әкімі;
2023-2024 жылдары терроризм саласы бойынша Жуалы ауданы әкімінің бас инспекторы;
2024 жылдың 14 тамызынан бастап 2025 жылдың 18 мамырына дейін Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдың 19 мамырынан бастап Мыңбұлақ ауылдық округі Әкімі.




