Боранжанов Болат Қоңырбекұлы

    Ырғызбай ауылдық округі

    Боранжанов Болат Қоңырбекұлы
    Қызметкерлер

    Боранжанов Болат Қоңырбекұлы

    Ырғызбай ауылдық округі

    Өмірбаян

    Боранжанов Болат Қоңырбекұлы 1966 жылы 15 ақпанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Жәнтікей ауылында дүниеге келген.
    1983 жылы Ақсуат ауданы, Ерназар ауылындағы «Қ. Сәтбаев» атындағы орта мектебін бітірген. 1983 – 1984 жылдары аралығында Семей қаласындағы №44 училищесін байланыс мамандығы бойынша бітірген.1993-1998 жылы Семей қаласындағы «Семей» мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген.
    1984-1986 жылдар аралығында әскер қатарында болған.

    1987 жылдан 1990 жылдар аралығында Сулутал совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған.
    1990-1992 жылдарында Ерназар байланыс бөлімінің электро –монтері болып қызмет атқарған
    1992-2003 жылдар аралығында Семей обылысы, Ақсуат ауданы, Ерназар ауылында Қ. Сатбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

    2003-2009 жылдары Шығыс Қазақстан обылысы Тарбағатай ауданы, Сатбаев ауылында С.Сейфуллин орта мектебінде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

    2009 жылдан бастап 2018 жыл аралығында ШҚО Тарбағатай ауданы Жәнтікей ауылында Қ. Сатбаев атындағы орта мектебінің директоры

    2018 жылдан бастап ШҚО Тарбағатай ауданы, Ырғызбай ауылдық округінің әкімі

    2022 жылдың 21 тамызынан бастап Абай облысы Ақсуат ауданы Ырғызбай ауылдық округінің әкімі