
Бәкіров Ерлан Михашұлы
Тихоокеан ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1963 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданының Айсара ауылында туған.
Екi жоғары бiлiмi бар, 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын зооинженер бiлiктiлiгi бойынша, 2007 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын мемлекеттiк басқару бакалавры бiлiктiлiгi бойынша бiтiрген.
1988 жылдың мамырынан 1993 жылдың наурызына дейін ауыл шаруашылығы саласының түрлі учаскелерінде жұмыс істеді: ветеринарлық санитар, зоотехник, мал шаруашылығы бригадирі, механизатор.
1993 жылдың наурыз айынан 1998 жылдың қазан айына дейін «Чистяковский» кеңшары директорының орынбасары, «Тихоокеанский» кеңшарының бас зоотехнигі қызметтерін атқарды.
2001 жылдың маусымынан 2017 жылдың шілдесіне дейін Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2017 жылдың шілдесінен 2018 жылдың тамызына дейін — «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
2018 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың ақпан айына дейін «Нұра БВ Булаев ПЭУ РЭУ-6"» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының бастығы болып жұмыс істеді.
2020 жылғы 01 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.