Нұрмағанбетов Нұрсұлтан Сайлауұлы

    Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылының әкімі

    Нұрмағанбетов Нұрсұлтан Сайлауұлы
    Аким

    Нұрмағанбетов Нұрсұлтан Сайлауұлы

    Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Нұрмағанбетов Нұрсұлтан Сайлауұлы 1966 жылғы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Құөзек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

    1990 жыл - Мәскеу Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлер институтын «Инженер-электрик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2006 жыл - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1982 жылы "Байтал" жұмысшы тобының бірінші дәрежелі электригі, Шу ауданы.

    1983 жылы Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылы, ЭҚТЖ-нің бірінші дәрежелі электригі.

    1990-1993 жылдары Мойынқұм ауданы, ЭҚТЖ жоғары вольтты қызметтің аға шебері.

    1993-1994 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылы ЖҚТЖ диспетчері.

    1994-1996 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылы ЖҚТЖ-ның аға диспетчері.

    1999-2000 жылдары Шу ауданы, Шу қаласы ЖҚТЖ-ның бас инженері.

    2000-2001 жылдары Шу ауданының ЖҚТЖ-ның бас инженері.

    2001-2004 жылдары Шу ауданы, Шу қаласы ЖҚТЖ меңгерушісі.

    2004-2006 жылдары Шу ауданы, Шу қаласының әкімі.

    2006-2009 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылы "Еркежан" шаруа қожалығының бас инженері.

    2009-2010 жылдары Шу ауданы, Шу қаласы ЖҚТЖ меңгерушісі.

    2010 жылы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің кеңесшісі.

    2010-2011 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылдық округінің әкімі.

    2011-2012 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі.

    2012 жылы Шу ауданы, Шу қаласы әкімінің орынбасары.

    2012-2013 жылдары Шу ауданы, Шу қаласының әкімі.

    2013 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.

    2013-2014 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының инспекторы.

    2014-2015 жылдары Шу ауданы, "Шу-Сервис" ЖШС-нің меңгерушісі.

    2015-2016 жылдары Шу ауданы, "Құдырет" секурити" ЖШС-нің күзет басшысы.

    2016-2017 жылдары Шу ауданы, "Мұсахан" секюрити ЛТД-нің күзет басшысы.

    2017-2019 жылдары Шу ауданы, "Бақыт" шаруа қожалығының бас инженері.

    2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы, Қонаев ауылының әкімі.

    Отбасылы. 3 баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері