
Өмірбаян
Мұрат Мұхамбетқалиұлы Қахабаев 28.10.1968 жылы Кокчетав облысы, Красноармейск ауданы, Красноармейск қаласында дүниеге келген. Екi жоғары бiлiмi бар: 2001-2003 жылдары Көкшетау экономика және менеджмент институтын «экономист-менеджерЈ мамандығы бойынша бiтiрген, 2005-2007 жылдары Қарағанды заң академиясын «Фемида» Заңтану мамандығы бойынша бiтiрген. Тайынша қаласында тұрады.
1991 жылдан 1995 жылға дейiн Красноармейск аудандық қаржы бөлiмiнде бюджет бойынша экономист болып жұмыс iстедi, 1995 жылдан 1998 жылға дейiн қаржы полициясының ауданаралық бөлiмiнде инспектор қызметiн атқарды. Донец ауылдық округi әкiмiнiң мiндеттерiн атқарушысы лауазымға қабылдауға дейiн, «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Тайынша ауданы бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.
2019 жылғы 31 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.