Заурбеков Еркін Әзімханұлы

    Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің әкімі

    Заурбеков Еркін Әзімханұлы
    Аким

    Заурбеков Еркін Әзімханұлы

    Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Заурбеков Еркін Әзімханұлы 1981 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында туылған.
    Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет - құрылыс академиясын "Жылу газбен жабдықтау, ауа бассейнін желдету мен қорғау" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Сарыкемер ауылы "Байзақгазсервис" ЖШС-і бақылаушысы болып бастаған. 2004-2006 жылдары аралығында Тараз қаласы "Смақ" азық-түлік орталығының менеджері, 2006-2008 жылдары Тараз қаласы, РМҚК "Құтқарушы" оқыту орталығының маманы, кейіннен жетекші маманы қызметін атқарған.
    2008-2009 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2010-2012 жылдары аралығында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік инженер-инспекторы, 2012-2013 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы болып еңбек еткен.
    2013-2021 жылдары Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі, 2021-2024 жылдары аралығында Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2024 жылдың желтоқсан айынан 2025 жылдың 18 мамырына дейін Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.2025 жылдың 19 мамырынан бастап Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.
    “AMANAT” партиясының мүшесі.
    Үйленген, 4 бала тәрбиелеп отыр.