
Сайпенова Раушан Катрановна
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ басшысы
Өмірбаян
Мамлют ауданы әкімінің 2021 жылғы 17 мамырдағы өкімімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Раушан Қатранқызы Сайпенова тағайындалды.
Раушан Қатранқызы 1978 жылы 24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Пресновка ауылында туды, 2005 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманынан бастады. 2003 жылдан бастап бас маман, бұдан әрі Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Бас маман лауазымында еңбек өтілі – 8 жыл, басшы лауазымда – 3 жыл.
Ұл тәрбиелеп отыр.