Тажібаев Асқар Құрманғазыұлы

    Маңғыстау ауылының әкімі

    Тажібаев Асқар Құрманғазыұлы
    Аким

    Тажібаев Асқар Құрманғазыұлы

    Маңғыстау ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Тәжібаев Асқар Құрманғазыұлы - 1994 жылдың 18 желтоқсанында Түркіменстан Республикасы, Балқан облысы, Красноводск қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2014 жылы «Гелиос» ЖШС-нде оператор қызметінен бастаған.

    2017-2018 жылдары «ӘТЖК» АҚ Атырау Теміржол күзеті» филиалының Маңғышлақ станциясының теміржол вокзалында тексеріп қарауды ұйымдастыру жөніндегі бөлімшесінің инспекторы, 2018-2020 жылдары «Prima Distribution» ЖШС-нде сауда өкілі қызметтерін атқарды. 2018- 2019 жылдар аралығында «ӘТЖК» АҚ тексеріп қарауды ұйымдастыру бөлімшесінің ауысым бастығы, 2020 жылы «Мусахан-Секьюрити ЛТД» ЖШС-нде аға инспектор болып жұмыс жасады.


    2021 жылдың ақпан-сәуір айларында «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау бөлімі бас маманының м.а., 2021 - 2023 жылдары «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы», 2023-2024 жылдар аралығында «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы» қызметтерін атқарды.


    2024 жылдың ақпан-маусым айларында Мұнайлы ауданы әкімінің көмекшісі, 2024 жылдың маусым айынан 2025 жылдың қазан айына дейін Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары лауазымы қызметінде болды.


    2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың сәуір айына дейін «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы», 2026 жылдың сәуір-маусым айларында «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы қызметін атқарды.


    2026 жылдың 10 маусымынан бастап Маңғыстау ауылының әкімі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері