Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы

    Чермошнян ауылдық округінің әкімі Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы

    Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы
    Аким

    Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы

    Чермошнян ауылдық округінің әкімі Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы

    Өмірбаян

    1974 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Чермошнянка ауылында дүниеге келген.

    Қ.Т. Ищановтың жоғары білімі бар, 2007 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1994 жылдың қыркүйегінде «Парус» каратэ балалар спорт секциясының жаттықтырушысы болып бастады.

    1997 жылдың қыркүйегінен 2002 жылдың мамырына дейін Тайынша аудандық әскери комиссариатының аумақты тазалаушы-курьері, 2-разрядты кочегар машинисі, кочегар машинисі қызметтерін атқарды.

    2002 жылғы мамырдан 2005 жылғы маусымға дейін - ҚР ҚК АӘК 2 Тайынша бөлімшесінің келісімшарт бойынша жауапты орындаушысы.

    2005 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін - Ақмола облысы Аршалы ауданы Вячеславка ауылының 44813 ә/б жүргізушісі.

    2006 жылдың наурызынан 2009 жылдың ақпанына дейін - Ақмола облысы Аршалы ауданы Вячеславка ауылы, 73805 ә/б аға техник жүргізуші.

    2009 жылғы сәуірден 2012 жылғы тамызға дейін - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.

    2013 жылдың ақпанынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін «СҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Есіл аудандық филиалы басқарушысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2016 жылғы қарашадан 2018 жылғы наурызға дейін - Тайынша ауданы әкімінің кеңесшісі.

    2018 жылдың наурызынан 2022 жылдың наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың ақпанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.