Ермекбай Бибігүл Ермекқызы

    Покровка ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    /

    Бибігүл Ермекқызы Ермекбай 1975 жылы 6 желтоқсанда СҚО Возвышен ауданы Жданово ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін кәсіби халықаралық құжаттанушы мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы СҚО ІІД көші-қон полициясының аға инспекторы болып бастаған.

    Өзінің еңбек жолында Петропавл қаласы Әділет басқармасының бөлім бастығы, Қызылжар АІІБ КҚПБ аға инспекторы, Есіл АІІБ тергеушісі, Тарангүл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

    2019 жылдан 2021 жылға дейін Есіл ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту орталығының директоры болып жұмыс істеді.

    2021 жылдан 2021 жылға дейін - СҚО Есіл ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің м. а.

    2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін СҚО Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің әкімі.