Тайбеков Тәжібек Маратұлы

    Кыркеңсе ауылдық округі әкімі

    Тайбеков Тәжібек Маратұлы
    Аким

    Тайбеков Тәжібек Маратұлы

    Кыркеңсе ауылдық округі әкімі

    Өмірбаян

    Тайбеков Тәжібек Маратұлы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округі, Әбдіғаппар ауылында дүниеге келген.
    2000 – 2009 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округі, Әбдіғаппар ауылына қарасты №213 «Қыркеңсе» орта мектебінде білім алды.
    2009 – 2013 жылдар аралығында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық – техникалық колледжін «Ветеринария» мамандығы бойынша, ал
    2014 - 2017 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығын және 2020 – 2022 жылдары Шымкент университетін «Құқық» мамандығы бойынша білім алып шықты.

    Еңбек жолы: 2014 жылдың маусым айымен 2014 жылдың желтоқсан айлары аралығында «Қыркеңсе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де жастар практикасы аясында практикант. 2015 – 2020 жылдары аралығына «Қыркеңсе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не жастар ісі жөніндегі маман. 2020 жылдың маусым және қыркүйек айлары аралығында Арнайы тексеруден өткенге дейін «Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы. 2020 – 2024 жылдар аралығында «Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ – нің бас маман. 2024 жылдың 27 наурызынан 2025 жылдың наурыз айының 17-не дейін Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы қызметін атқарып, 2025 жылдың наурыз айының 17-нен бастап Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округі әкімі қызметін атқаруда.