
Берікбекова Толқын Берікбекқы
Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1990 жылғы 29 маусымда ШҚО Абай ауданында дүниеге келген.
2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген;
2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Біліктілігі-құқық магистрі.
маусым-қазан 2011ж.- «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, маман көмекшісі;
2012-2015 ж.ж.- «ШҚО Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, жетекші маман, бас маман;
2015-2016 ж.ж.- «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жәнеболжау бөлімінің бас маманы;
2016-2018 ж.ж.- «ШҚО Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, тілдерді дамыту секторының меңгерушісі, тілдерді дамыту секторының бас маманы;
2019-2020 ж.ж. «ШҚО мәдениет басқармасы» ММ, мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы;
11.2020-02.2021 ж.ж. - «ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ, ономасикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы;
02.2021 жылдан «ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ, тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы.



