
Айтқожин Берік Рымбекұлы
Абай облысы Жаңасемей ауданы Жиенәлі ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1993 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
2011 жылы Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебін бітірді.
2015 жылы Семей қаласындағы Қазақстан инновациялық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық- құқықтық инновациялық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.
04.2017-10.2017 жылдары «ШҚО Семей қаласының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жастар тәжірибесі бойынша есеп және аудит маманы.
10.2017-04.2018 жылдары «ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де ауыл жастары бойынша маман.
04.2018-09.2024 жылдары «Абай облысы Жаңасемей ауданы Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ де бас маман болып қызмет атқарды.
2024 жылы қыркүйек айында халықтың тікелей сайлауымен Жиенәлі ауылдық округінің әкімі болып сайланды.