
Аким
Байбабаев Жанболат Пернебайұлы
Көктөбе ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Байбабаев Жанболат Пернебайұлы 1992 жылы 19 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген.
2007-2010 жылдары Түркістан қаласындағы Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша;
2010-2013 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Жаңақорған ауданы, «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Заңгер» маманы болып бастаған.
2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап осы күнге дейін Көктөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.