
Әбдімомынова Гүлшат Шайзадақызы
«Байсын» ауылдық мәдениет үйі КМҚК басшысы
Өмірбаян
Әбдімомынова Гүлшат Шайзадақызы 1983 жылдың 25 қараша күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жахаев ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы жоғары гумманитарлық колледжінің Ағылшын тілі мамандығы және 2010 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік педогогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы № 207 Жаңатұрмыс орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған.
2005-2009 жылдары Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына әдіскері, 2009 жылдан бері әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
2023 жылдың 6 қыркүйегінен бастап «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Байсын» ауылдық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы қызметін атқарып келеді.