
Темірболат Бексұлтан Ергенұлы
"Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Бексултан Ергенұлы Темірболат 1996 жылы 10 сәуірде Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген.
2018 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы Инновациялық Еуразия университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы әкімінің аппараты жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ дыбыс инженері болып бастаған.
2018- 2020 жылдары "Көкшетау қ. ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы ретінде болып жұмыс істеді;
2020 - 2021 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;
2021 жылғы 4 тамыздан бастап Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен "Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы лауазымына тағайындалды.