
Өмірбаян
Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы 1976 жылы 22 сәуір күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ. Білімім-жоғары.
1993 жылы Қызылорда қаласы, Ауыл шаруашылық колледжіне «Ветеринария» бөліміне оқуға түсіп, 1996 жылы бітірген.
2016-2020 жылдар аралығында Қызылорда қаласы «Болашақ» университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
1997-2002 жылы Қарғалы ауылдық округінің «Қарғалы ұжымында» мал дәрігері, 2002-2009 жылы Шиелі ауданы, «Шиелі Агро» ЖШС-де қойма меңгерушісі, 2010-2013 жылы «Асылхан» шаруа қожалығында бригадир, 2013 жылдың тамыз айынан бастап, осы кезге дейін «Қарғалы ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің Шаруашылық есебін жүргізу әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маманы қызметін атқарған.
2024 жылдың 17 маусымынан бастап Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
«Аmаnат» партиясының мүшесі.
Отбасылы 4 ұл тәрбиелеп отыр.