
Өмірбаян
Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы 1972 жылы 18 сәуір күні Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қарағанды қаласы «Қазақтың тұтыну кооперациясы» институтын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Жұлдыз совхозының №1 бригадасының жұмысшысы болып бастаған.
02.1990-06.1991 ж.ж - Бесарық СХР-ің жұмысшысы;
06.1993-06.1995 ж.ж - Қазақтың тұтыну кооперациясы институтының жұмысшысы;
07.2001-09.2002 ж.ж - ГМК «Тау Кен» ЖШС-нің жер асты жұмысшысы;
03.2003-07.2003 ж.ж - Жаңақорған ауданының Шалқия қыстағының бас маманы уақытша;
07.2003-01.2004 ж.ж - Жаңақорған ауданының Шалқия қыстағының бас маман статисті;
01.2004-05.2008 ж.ж - Жаңақорған ауданының Шалқия қыстағының жетекші маман статисті;
05.2008-11.2009 ж.ж - Жаңақорған ауданының Шалқия қыстағының 3 дәрежелі жетекші маманы;
11.2009-02.2011 ж.ж - Жаңақорған аудандық статистика басқармасының 3 дәрежелі жетекші маманы;
07.2012-10.2012 ж.ж - «ЖКНМ» ЖШС-нің теміржол цехының бастығы;
12.2012-01.2013 ж.ж - «Казпром – Қызылорда» компаниясы ЖШС-нің уақытша қойма меңгерушісі;
01.2013-12.2015 ж.ж - «Казпром – Қызылорда» компаниясы ЖШС-нің қойма меңгерушісі;
01.2016-01.2017 ж.ж - «Шалқия Бейкен» компаниясы ЖШС-нің қойма меңгерушісі;
07.2017-01.2018 ж.ж - «Шалқия Бейкен» компаниясы ЖШС-нің өндірістік қажеттілікке байланысты бас инженер міндетін атқарушы;
05.01.2022-10.2022 ж.ж - «Асылжан KZ» ЖШС-і директорының орынбасары;
2022 жылдың 20 қазан күнінен бастап осы күнге дейін Шалқия кентінің әкімі қызметін атқаруда.