
Өмірбаян
1987 жылы 8 ақпанда Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі-жоғары. Үйленген, үш баласы бар. 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Технологиялық машиналар және жабдықтар бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылдың сәуір айынан бастап Абацй ауданы Қарауыл ауылының прокуратурасында күзетші ретінде бастады, 2011 жылдың тамызынан 2012 жылдың желтоқсанына дейін "ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы, 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап "ШҚО Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы, 2020 жылғы наурызда "ШҚО Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басышысы болып тағайындалды, 2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Жезкент кенттік округінің әкімі болып жұмыс істейді.