
Өмірбаян
Ахметов Ақылбек Жүрсінұлы 1974 жылы 1қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай совхозында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
1995 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетін дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1990-1991 жылдары Сырдария ауданы, Тартоғай совхозында жұмысшы болып бастаған. 1991-1995 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында студенті. 1996-2002 жылдары №153 Тартоғай орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі.
2002 жылдары Тартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп столы маманы. 2002-2004 жылдары Тартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2004-2007 жылдары Тартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының маманы. 2007-2008 жылдары Тартоғай ауылдық округі әкімі. 2008-2017 жылдары Тартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2017 жылдан бастап Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маманы, 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Тартоғай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.