Салықбаев Алмас Сағнадинұлы

    Басқарма басшысы

    Салықбаев Алмас Сағнадинұлы
    Руководитель управления

    Салықбаев Алмас Сағнадинұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1986 жылы 14 маусымда Алматы облысы,Алмалы ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2007 жылы Т.Рысқұлыов атындағы Қазақ экономикалық университетін «есеп және аудит», 2011 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2007-2008 жылдары «Банк Центр Кредит» АҚ Алматы қалалық филиалының кіші несиелік офицері болып бастаған, 2008-2009 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Мұғалжар аудандық филиалында менеджер қызметін, 2009-2011 жылдары «Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгеруші лауазымдарын атқарған, 2011-2013 «Мұғалжар аудандық статистика басқармасы» ММ басшысы қызметін, 2013 жылы «Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары, 2013-2016 жылдары «Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы, 2016-2017 жылдары Ақтөбе облысының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің бас инспекторылауазымын атқарған, 2017-2020 жылдары «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    2021 – 2023 жылдар Мәртөк ауданының әкімі қызметін атқарған.

    2023 жыл 24 қарашадан бастап «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы қызметіне тағайынлады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері