Есенов Тұрғанбай Әбілқайырұлы

    Беларан ауылдық округінің әкімі

    Есенов Тұрғанбай Әбілқайырұлы
    Аким

    Есенов Тұрғанбай Әбілқайырұлы

    Беларан ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Білімі жоғары.

    1994 жылы Алматы кинотехникумын «Бухгалтерлік есептеу, бақылау және талдау» және 2006 жылы Қызылорда «Сейхун» академиясын «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1990 жылы Арал қаласында «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігінде жұмысшы болып бастаған.

    1993-1997 жылдары «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігінде есепшісі;

    1997-1998 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бухгалтер-экономисті;

    1999-2002 жылдары тауарларды сату орталығында алым жинаушы маманы;

    2002-2012 жылдары «Қызылорда облысының бір жолғы талондар негізінде салық жинау орталығы» мемлекеттік мекемесінің Арал филиалының маманы, жетекші инспекторы;

    2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап 20 мамырына дейін Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы;

    2013-2021 жылдары Беларан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

    2021 жылғы 25 шілдедегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен өткізілген сайлаудың нәтижесі бойынша № АСК-102 қаулысына сәйкес Беларан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.