
Өмірбаян
Бейсенбеков Жасұлан Асанұлы 22 маусым 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты Әбдіғаппар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде жоғары білім алып, «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2018-2020 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде, «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген
Алғашқы еңбек жолын 2014 жылы Қыркеңсе ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметінен бастаған.
2014-2019 «Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі» бөлімінің басшысы.
2021-2025 жылдары Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары.
2025 жылдың 14 сәуір күнінен бастап Жаңақорған кентінің әкімі қызметін атқаруда.

