
Өмірбаян
Пірімбетов Қайыркен Дайрабайұлы1990 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
2008-2012 ж.ж. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығын бітіріп шыққан Еңбек жолын 2015 жылы «Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы саласы жөніндегі (есепші) жетекші маманы болып бастап. 2015-2017 жылдары «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман лауазымына тағайындалған. 2017 жылдың қаңтар айынан «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта тіркеуден өтіне байланысты шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман лауазымына қайта тағайындалған. 2024 жылдың сәуір айында «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылымдағы өзгерісіне сәйкес әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман лауазымына уақытша тағайындалған. 19.04.2024-22.12.2025 жылға дейін «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман лауазымын атқарып келеді.
2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Жуантөбе ауылдық округінің әкімі
Отбасылы.