
Өмірбаян
Томаев Абилгазы Аймаганбетович 1967 жылы 15 маусымда Майдакөл совхозында дүниеге келді.
1974 жылы Майдакөл совхозындағы №98 қазақ орта мектебіне барып, 1984 жылы осы аталған мектепті бітірді. 1988-1994 жылдары Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, зоотехния мамандығын алды
1993-1995 жылдары Ү.Түктібаев совхозында зоотехник, 1995-1997 жылдарында «Қожабақы» шаруашылық серіктестігінде бас зоотехник, 1997-1999 жылдары «Аранды» шаруа қожалығының төрағасы, 1999 жылдың маусым-тамыз айларында «Аранды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 1999-2000 жылдары «Ақшоқы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2000-2001 жылдары Азық-түлік келісім шарт коорпорациясының бөлім бастығы, 2003-2007 жылдары Қазалы аудандық аумақтық басқармасында жетекші маман, мал тұқымын асылдандыру инспекторы, 2007-2013 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Қазалы аудандық аумақтық инспекциясында жетекші маман- асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторы, 2013-2018 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторы қызметтер атқарды.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың қазан айына дейін Аранды ауылдық округі әкімі қызметін атқарды.
Сайлау өткізілуіне байланысты қайта сайланып, 2022 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Аранды ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарып келеді.