
Өмірбаян
Карипов Диас Асқарұлы 1987 жылы 18 қарашада Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы "Матай кенттік округі әкімінің аппараты" ММ бас маманының м.а. болып бастады.
2010 – 2013 жж. - "Ақсу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік - құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі" ММ бас маман-заңгері.
2013 – 2015 жж. - "Ақсу ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.
2015 – 2018 жж. - "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маман-заңгері.
2018 – 2019 жж. - "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
2019 – 2020 жж. - "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ инвестициялық және инновациялық даму бөлімінің бас маманы.
2020 – 2021 жж. - "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ әкімшілік бөлімінің басшысы.
2021 - 2022 жж. - "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ жер қойнауын пайдалануды дамыту бөлімінің бас маманы.
2023 жылдың шілде айынан бастап "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ жер қойнауын пайдалануды дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.


