
Өмірбаян
Жандильдина Гаухар Муратқызы 1972 жылы тамыз айының 16-сы күні Қостанай облысы, Амангелді ауданы,
Амангелді ауылында дүниеге келген.
2002-2007 жылдар аралығында Орталық Азия университетінде білім алып, «Қаржы және несие» мамандығы бойынша толық
курсын бітіріп,«Экономист» біліктілігі бойынша диплом алған.
1992-1999 жылы селолық Кеңестің есепші кассирі болып қызметін бастаған.
1999 -2001 жылдар аралығында селолық округтің маманы лауазымында қызмет атқарған.
2001 жылдың село әкімі аппаратының бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
2001-2013 жылдар аралығында село әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің бастығы әкімшілік мемлекеттік лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
2013-2018 жылы Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызмет туралы» заңының 12-бабының 2 тармағына сәйкес ауысу тәртібімен Амангелді селосы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2018 жылы Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарды.
2019 жылы Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.