
Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы
Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Жоғары. 2007 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата университетінің политехникалық факультетіне оқуға түсіп, 2012 жылы аталған оқу орынын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдады. Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Құқық және экономика» мамандығы бойынша сырттай оқыды.
2012 жылы қазан айында өз мамандығы бойынша «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жалағашсушар» өндірістік учаскесіне техник болып орналасты
2012 - 2014 жылдың желтоқсан айы аралығында инженер-гидрометр,
2014 - 2016 жылдың сәуір айы аралығында «Су пайдалану» бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдың сәуір айында Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жұмысқа ауысып, 2018 жылдың тамыз айына дейін бас маман болып жұмыс істеді.
2018 - 2019 жылдың мамыр айы аралығында егін және мал шаруашылығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2019 жылдың мамыр айынан бастап Аққұм ауылдық округі әкімі.