
Өмірбаян
2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.
22.08.2010 - 05.04.2012 жж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректорының көмекшісі.
05.04.2012 - 31.08. 2012 жж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы.
01.10.2012 - 20.03.2013 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы.
20.03.2013 - 28.12. 2013 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша бөлімінің бас маманы.
28.12.2013 - 16.10.2015 жж. Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.
21.10.2015 - 11.04.2016 жж. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының әкімшілік бөлімі басшысының міндетін атқарушы
11.04.2016 – 1.04.2019 жж. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары
2019 жылдың 2 сәуірінен бастап - Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Үйленген, екі баланың әкесі.


