
Райымбек Мадина Қажмуханқызы
"Қашар кенті әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің әкімі
Өмірбаян
Райымбек Мадина Қажмұханқызы - 22.08.2023 жылдан бастап Қашар кентінің әкімі.
1978 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Лесной ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2009 жылы Қостанай Әлеуметтік-Техникалық Университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1998 жылдың тамыз айында Қостанай облысы Рудный қаласының №16 орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі болып бастаған. 2001 жылдың желтоқсан айында Қостанай облысы Рудный қаласының №6 орта мектебіне қазақ тілі мұғалімі болып ауыстырылды. 2008 жылдың шілдесінде "№6 негізгі жалпы білім беретін мектеп"ММ таратылуына байланысты жұмыстан шығарылды. 2008 жылдың қыркүйегінде "№1 Қашар орта мектебі"ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданды. 2014 жылдың қыркүйегінде еңбек шарты қызметкердің бастамасымен бұзылды. 2014 жылдың қараша айында "№1 Қашар орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың тәрбие работе жөніндегі орынбасары
2023 жылдың 22 тамызынан Қашар кентінің әкімі болып сайланды
