
Өмірбаян
Зейнелғабиден Амангелдіұлы Әбілев – 2021 жылғы 07 шілдеден бастап Горняцк кентінің әкімі.
1969 жылғы 17 тамызда ҚР, Целиноград облысы, Жақсы ауданының Кең-Арал совхозында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1999 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша тәмәмдаған, 2012 жылы Рудный индустриалдық институтын менеджмент мамандығы бойынша тәмәмдап, екінші жоғары білім алды.
Кеңес армиясы қатарында борышын өтеп келген соң, әр жылдары «Ромжилкоммун» КК жүргізуші, Торғай облысының ІІБ қызметкері, Торғай облысының су ресурстары бойынша инспекторы, Торғай облысының телерадиокомпаниясының директоры, «Арна» АҚ коммерция бойынша директордың орынбасары, «ЭлектроДил» ЖШС директоры, «Энергопромышленная компания» ЖШС директоры, «РТРК» Қазақстан» АҚ Қостанай облыстық филиалының уақытша редакторы, Рудный қаласы әкімдігінің «Гимназия №5» ММ қосымша білім беру мұғалімі, БАҚ және қоғаммен байланыс ректорының көмекшісі, Рудный қаласы әкімдігінің «Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» МКҚК, «Орбита» ДО ұлттық шығармашылық бойынша әдіскері қызметін атқарды.
2011 жылдан 2021 жылға дейін Рудный қаласы әкімдігінің «Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» МКҚК «Арман» клубы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылғы шілдеде Горняцк кентінің әкімі болып тағайындалды.