
Өмірбаян
1991 жылғы 5 ақпанда Арқалық қаласына қарасты Көктау ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2012 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша аяқтаған.
03.03.2010–25.04.2011 — бухгалтер, Торғай ауыл шаруашылығы станциясы, Ақмола облысы, Есіл қаласына қарасты Свободное ауылы.
22.05.2013–11.08.2014 — өндіріс технологиялық бөлімінің купаж операторы, «Космис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ақмола облысы, Есіл қаласы.
18.07.2016 жылдан - 12.12.2023 — «Арқалық қаласы Көктау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
12.12.2023 жылдан - қазіргі уақытқа дейін - «Арқалық қаласы Көктау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі.