Берсүгіров Пазылбек Скендирұлы

    Жақсықылыш кентінің әкімі

    Берсүгіров Пазылбек Скендирұлы
    Аким

    Берсүгіров Пазылбек Скендирұлы

    Жақсықылыш кентінің әкімі

    Өмірбаян

    Берсүгіров Пазылбек Скендірұлы 1964 жылы туған. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын математика мұғалімі мамандығы бойынша бітірген

    1985-1987 жылдары Тереңөзек ауданындағы № 39 Қызылөзек орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі;
    1987-1990 жылдары Тереңөзек ауданы, Қараөзек кеңшары бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, Тереңөзек аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Жастардың ғылыми-техникалық творчествосы Алматы қалалық «Контакт» орталығының Тереңөзек филиалының басшысы;
    1990-1992 жылдары Тереңөзек аудандық білім бөлімінің мектеп инспекторы, білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы;
    1992-1994 жылдары Арал аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп инспекторы-маманы, бас маманы;
    1994-1995 жылдары Арал ауданы әкімінің аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; 1996-1998 жылдары Арал аудандақ ішкі істер бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары;
    1999-2012 жылдары Арал аудандық туризм және спорт комитетінің төрағасы, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, бастығы;
    2012-2014 жылдары Арал аудандық білім бөлімінің басшысы;
    2014-2016 жылдары Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
    2016-2018 жылдары Арал қаласы әкімінің орынбасары;
    2018 жылдан бастап Жақсықылыш кентінің әкімі қызметін атқарып келеді.