
Свенов Қанат Шеризатұлы
Тұғыл ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Қанат Шеризатұлы - 1971 жылдың 01-ші ақпанында ШҚО, Өскемен қаласында дүниеге келген.
1978-1988 жылдар аралығында ШҚО, Тарбағатай ауданы, Приозерный поселкесінде Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде білім алған.
1989-1991 жылдар аралығында әскер қатарында болған.
1991- 1996 жылдар аралығында Семей зооветеринарлық институтында " Мал дәрігері"
мамандығын оқыған.
1988 жылы Приозерный поселкесі мал сою пунктіне уақытша мерзімді жұмысқа жұмысшы болып істеген.
1989 жылы Приозерный поселкесі " Зайсанрыбпром " балық зауытында жұмысшы болып істеген.
1996 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылындағы мал дәрігерлік пунктінде фельдшер болып жұмыс істеген.
1997 жылы Тұғыл ауылы әкімшілігінің мал дәрігерлік сараптаушы жұмысына ауыстырылды.
1999 жылы Тарбағатай ауданы мал дәрігерлік лабороториясының мал дәрігері сараптау бөліміне ауысты.
2003 жылы 01-ші сәуір айынан бастап тестілеу қорытындысы бойынша Тұғыл әкімшілігіне қарасты статистика маманы мемлекеттік қызметке қабылданды.
2010 жылы Тұғыл ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман мал дәрігерлік қызметіне ауысты.
2018 жылы конкурстық негізде әкім орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылдың 20- шы тамыз айынан бастап Тұғыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.