
Өмірбаян
Мамеков Азамат Рахышұлы 1976 жылы 24 ақпанда Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжін «экономист-бухгалтер», 2007 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін (сырттай) «экономика» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1995-2001 жылдары Бірлік ұжымдық кәсіпорынында жұмысшы ретінде бастаған.
2001-2003 ж.ж - «Барс Алма-Ата» ЖШС күзетші, «Алматы-Стройснаб» ААҚ қауіпсіздік қызметі қызметкері;
2003-2005 ж.ж - «Бауыржан Б.С» ЖШС-де заңгер;
2013-2015 ж.ж - Ақүйік ауылдық округі әкімі аппаратының салықшы маманы;
2015-2021 ж.ж- «Ақүйік ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әскери есеп стол маманы;
2021 жылдың 17 мамырдан бастап Ақүйік ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.