
Өмірбаян
Айкадамов Сейітқали Мырзағалиұлы – «Победа ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі
Айкадамов Сейітқали Мырзағалиұлы, 22.03.1963 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы Мағнай ауылында дүниеге келген. 1984-1989 жылдары Троицк ветеринарлық институтын «Зоотехния» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2024 жылғы 25 маусымнан бастап сайлау нәтижесінде "Победа ауылы әкімінің аппараты" ММ жаңа жұмыс мерзіміне Победа ауылының әкімі болып сайланды.
Еңбек жолын Қостанай облысы Қарабалық ауданының Победа ауылында өтті, Комсомол ауданының «Победа» астық совхозының № 3 бөлімшесінің мал шаруашылығы бригадирі, бас зоотехник, «Победа» ӨК өндірістік бөлімшесінің басшысы, «Досмаил-Агро» ЖШС егіс бригадирі болып жұмыс істеді.
2016 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметке Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды. 2016 жылдың тамыз айында Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің әкімі болды.
2020 жылғы 5 қазаннан бастап Қостанай облысы Қарабалық ауданының «Победа ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі болып тағайындалды.